фото: uralskweek.kz
Көлік жүргізушілері 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті. Техникалық регламент талабы осындай. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Салтанат Әзірбек айтты.
Спикердің сөзінше, тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік кодексінің 590-бабының 5-бөлігі бойынша қысқы уақытта жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушіге айыппұл салуға құқылы.
Бұл айыппұлдың ең төменгі мөлшері — 5 АЕК, егер бір жыл ішінде жүргізуші осындай заңбұзушылықты қайта жасаса, онда айыппұл 10 АЕК-ке дейін артады.
«Қыс таяп қалды, сондықтан 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін біздің барлық көліктеріміз қысқы резеңкеге ауысуы керек. Бұл — қауіпсіздік талаптары, өйткені ірі мегаполисте алғашқы жауын-шашыннан кейін аласапыран басталады. Оның себебі — жүргізушілер қыс мезгіліне дайын емес», — дейді Салтанат Әзірбек.
Ол жүргізушілерді алдын ала қамданып, көлікті қыс кезіне ертерек дайындауға шақырды.
Полицейлер 1 қарашада осы бағыттағы профилактикалық жұмысты бастады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через