Жазда теміржол билеті қымбаттай ма?

Жазда теміржол билеті қымбаттай ма?

Елімізде жолаушылар пойызына арналған билет бағасы қымбаттамайды. «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев осылай мәлімдеді.

«Негізінен экспорттық жүкке баға көтеріледі. Жолаушылар тасымалы – мемлекеттің әлеуметтік қызметі. Жыл сайын мемлекет шамамен 30 млн теңге субсидия береді. Мұның үстіне, «Қазақстан темір жолы» азаматтарымыз арзан билет сатып алып, сапар жасау үшін өз қаражаты есебінен қосымша 90 млрд теңге субсидиялайды», - деді Нұрлан Сауранбаев.

Өткен жылдың наурызынан бастап елімізде теміржол билеттері қымбаттаған болатын.

Фотосурет ainews.kz сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз