Жазғы консультативтік маусымдық болжамға сәйкес, жаздың алғашқы екі айында республиканың батыс жартысында ауа температурасы нормадан жоғары, ал елдің шығыс жартысында нормаға жақын болады деп болжануда.
Тамыз айы салқын болады деп күтілуде - Қазақстанның көптеген облыстарында температуралық фон климаттық норма шегінде болмақ, нормадан жоғары тек Қазақстанның шеткі солтүстігінде ғана болады деп болжанады.
Маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз болады, республиканың солтүстік-шығыс жартысында, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жаууы ықтимал.
Шілде мен тамыз айларында болса керісінше, елдің көп бөлігінде жауын-шашын болады - климаттық нормаға жақын.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через