Жастарға арналған жаңа мемлекеттік сыйлық пайда болады

Жастарға арналған жаңа мемлекеттік сыйлық пайда болады

 «Дала дауысы» ұлттық сыйлығының қорытындысы желтоқсан айында шығарылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді.

«Сондай-ақ жазушылар мен драматургтерге берілетін «Айбоз» сыйлығы бар. Қазіргі таңда оған іріктеу жүріп жатыр. Ал композиторларды қолдау мақсатымен «Дала дауысы» жобасы қолға алынды. Ол байқау желтоқсан айында мәресіне жетеді. Мұнда да опера жанрында, халық аспаптарында тың туындылар жазып жүргенсазгерлер марапатталады. «Республика әні» атты эстрадалық әнер жүлдесі тағайындалған. Осы сыйлықтар арқылы біз өнердің әрбір саласын қамтудыкөздедік. Ауқымы үлкен боландықтан «Umai», «Айбоз», «Дала дауысы» сияқты бірнеше тақырыпқа бөліп отырмыз». Нұрғиса Дәуешов.

Келер жылы мәдениет саласындағы жастарды қолдауға арналған жаңа сыйлық тағайындалмақ.

«Келесі жылы Президент тапсырмасымен Жастардың мемлекеттік сыйлығы тағайындалады. Ол 2023 жылдан бастап беріледі», - деді Нұрғис Дәуешов.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото kazpravda.kz