фото: Polisia.kz
Алматы полициясы жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады.
Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Қалқаман шағын ауданында болған. Жаяу жүргіншілер өткелінде ГАЗ-53 көлігін басқарған азамат жасөспірімді қағып, қашып кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды.
«Бір тәуліктен кейін жүргізуші Алматы облысында алкоголь және есірткіге масаң күйде ұсталды. Көлік жақын маңдағы көшеден табылды. Ол жол апатынан кейін оны тастап, жаяу қашып кеткен. Тексеру барысында жүргізуші 2020 жылы 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Қазір ол қамауда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ іздестіру бөлімінің бастығы Қайсар Төлебеков.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
«ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады», - деп атап өтті полиция өкілі.
Дереккөз Polisia.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через