Кез келген жан әдемі көрінгісі келеді. Біздің жылдан жылға есейе түсетініміз сөзсіз. Сондықтан жастық сұлулығын сақтап қалғысы келгендер кейде түрлі амалға барып жатады. Біреулер дәрі-дәрмекке жүгінсе, енді бірі сұлулықтың кілтін хирургтің скальпелінен іздейді. «Қыздарға әсемдік жарасады» деп ақындарымыз жырлағандай, қазақ қыздарының сұлулыққа деген құштарлығын тез аңғарған жергілікті іскерлер арнайы клиникалар ашып, қыздардың сәнқұмарлығын қып-қызыл ақшаға айналдырып алды. Бүгінде келбетіне көңілі толмаған кез келген адам, жүзін өз қалауынша өзгерте алады. Кеудені үлкейтіп, мұрын мен бетті түзеу сынды операциялар қазір қазақстандық қыз-келіншектер үшін таңсық емес. Алланың берген бет бейнесін, дене пішінін заманауи технологияның көмегімен өзгерткен дұрыс па? Мұның рухани, медициналық зардабы қалай болмақ? Бүгін Standard.kz порталының «Өзекті мәселе» бағдарламасында осы мәселені көтеріп отырмыз.
Фото today.kg
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через