фото: yur-gazeta.ru
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мамандары жасанды интеллект Қазақстан экономикасының қай салаларына енуі ықтимал екенін айтты. Standard.kz порталы бұл туралы Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Жасанды интеллектті дамыту стратегиясы әлі де болса әзірлеу сатысында. Өйткені жасанды зейін жалпы қолданысқа арналған технология болып есептеледі. Ол елімізде мүмкін болған барлық саланы қамтып, өз әсерін береді. Әсіресе индустрияның тау-кен өнеркәсібі, мұнай кеніштерін өңдеу, жұмыс персоналын оңтайландыру сияқты салаларды өзгертеді», – деп жазылған жауапта.
Дегенмен, ведомство өкілдері бүкіл әлемде сияқты Қазақстанда да жасанды зейін әуелі қай салаларға енетінін нарық өзі реттейтінін айтады. Ал мемлекеттің міндеті – сол жобаларға қолайлы жағдай жасау.
Ресми жауапта мәлім етілгендей, Ғылым және жоғары білім министрлігі елдің жоғары оқу орындарында жасанды интеллект пәнін ілкі жоба ретінде енгізген. Сондай-ақ Astana Hub және басқа да инвестиция тартатын өзге де орталықтар жасанды интеллект алгоритмдерімен байланысты стартап жобаларын қарастырып жатыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через