фото: pixabay.com
Дана халқымыз «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» дейді. Ауырмаудың амалы – салауаттылықты ұстанып, күн тәртібін сақтау және дене жаттығуын жасап, таза ауада серуендеу екенін жақсы білеміз. Жалпы, денсаулықты күту көп уақытты, көп тер төгуді, тіпті қалтаңыздан ақша шығаруды қажет етпейді. Күн сайын жаттығулар жасап, дұрыс тамақтанып жүрсеңіз «басыңыз ауырып, балтырыңыз сыздамайды».
Сондай-ақ өз жұмысын дұрыс білмейтін және ақша дәмететін парақор дәрігерге күніңіз түспейді.
Деніңіз сау болмаса, ісіңіз өнбейді, жұмыста да, үйде де берекеңіз қашады. Ауру сізді әуреге салған соң амал жоқ маманға көрінуге тура келеді. Егер дүмбілез дәрігерге кезіксеңіз ауруыңызға ауру қосып алуыңыз мүмкін.
Сіз диплом алған жас дәрігерге сенесіз бе? «Сапалы Қазақстан» порталының тілшісі осы сұрақты қалалықтарға қойған еді. Жауабын бірге тыңдайық.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через