2024 жылы Олимпиада ойындарын өткізетін Франция жарыс бағдарламасына спорттың бірнеше түрін қосты. Бұл туралы Қазақстан олимпиада комитеті хабарлады.
– Париж Халықаралық олимпиада комитеті берген мүмкіндікті пайдаланып, жастар арасында кеңінен таралған брейкинг, жартасқа өрмелеу, скейтбординг, серфинг ойындарын 2024 жылы Францияда өтетін олимпиадаға қосуды ұйғарды. Спорттың аталған төрт түрімен де айналысу оңай, оған әлеуметтік желіден шықпайтын балаларды тартуға болады. Осының арқасында миллиондаған баланың спортқа ынтасы оянады, – дейді олимпиада комитеті.
Биыл Жапонияда өткен олимпиадада Қазақстан спортшылары сегіз қола медаль алып, алғаш рет алтын, күміс медальдерсіз қалған. Қола медальдің екеуін Жапониядағы олимпиада бағдарламасына жаңадан қосылған каратэ-до спортынан алған еді.
Жапониядағы салыстырмалы түрде "сәтсіз" олимпиададан кейін Қазақстан билігі спорт жүйесіне реформа жасау керектігін айтқан, әлеуметтік желі белсенділері бұқаралық спорт түрлерінің дамымағанын сынаған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через