2021-2025 жылдар аралығында автожол саласында республикалық маңызы бар 12 мың шақырым автожол салынып, реконструкцияланады. Жыл сайын 200 мың адам жұмыспен қамтылады.
Биылғы жылдың өорытындысында 768 шақырымдық «Талдықорған-Өскемен» учаскесін реконструкциялауды толық аяқтау жоспарланған. Бұл — Орта Азия республикаларын Ресейдің Шығыс-Сібір аймағымен және Қазақстанның оңтүстігін шығыспен байланыстыратын халықаралық транзиттік дәліз. Осы автожолдың Алакөл көлінің туристік кластерін дамытуда маңызы ерекше, — деді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.ейбіт Атамқұлов.
2025 жылға дейін барлық жол Ұлттық стандарттарға сәйкес келетін жол бойындағы қызмет көрсету нысандарымен қамтамасыз етіледі. Жол бойындағы қызмет көрсету нысандары бойынша талаптар бекітілген. Оларды дамыту жұмыстарын «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы жүргізіп жатыр.
Бүгінгі таңда республикалық автомобиль жолдары бойында 1854 қызмет көрсету нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 1070 нысан ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді.
Б. Атамқұловтың айтуынша, Елбасының, Мемлекет басшысының тапсырмаларын және «Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасында белгіленген міндеттерді уақтылы және сапалы іске асыру нәтижесінде 2025 жылға дейін:
-республикалық маңызы бар жолдардың 100%-ын және жергілікті маңызы бар жолдардың 95%-ын нормативтік жағдайға жеткізу;
-ақылы жолдардың ұзындығын 11,7 мың шақырымға дейін ұлғайту;
-республикалық автожолдарды ұлттық стандартқа сәйкес келетін жол бойындағы қызмет көрсету нысандарымен қамтамасыз ету;
-жыл сайын 310 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через