Қызылордада жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды, деп хабарлайды ІІМ.
20 мамырға қараған түні полицияға қала тұрғындарынан жас жігіттердің арасындағы төбелес жөнінде шақырту түскен.
«Жастардың екіге бөлініп, бір-бірімен ерегесіп, аяғында төбелес жұдырықпен аяқталғаны белгілі болды.
Төбелеске қатысқан 12 адамның барлығы анықталды, олар облыс орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Барлығы міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді», - деп жазды ведомстводан.
ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша тергеп-тексеру əрекеттері басталды.
Фото tengrinews.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через