Жапонияда әлемдегі ең қарт егіздер тұрады

Жапонияда әлемдегі ең қарт егіздер тұрады

              Жапонияның 107 жастағы тұрғындары – апалы-сіңлілі егіздер әлемдік рекорд орнатты. Олар әйелдер арасында ең қарт егіз атанды. Бұл туралы Гиннестің рекордтар кітабының сайтында хабарланды. Рекорд тіркелген сәтте (2021 жылдың 1 қыркүйегі) Умено Сумияма мен Коме Кодаманың жастары 107 жыл 300 күнді құраған. Олар 1913 жылдың 5 қарашасында Кагава префектурасындағы Седо аралында дүниеге келген. Жастайынан екеуі екі жаққан кеткен, бірақ байланыстарын үзбеген. Қарттар үйінде тұратын апалы-сіңліліге әйелдер арасында тарихтағы ең қарт егіз деген сертификат табысталды. Бұған дейін Жапонияда қарт кісілердің саны рекордтық көрсеткішке жеткенін жазғанбыз.

Мәтіндегі ақпарат туралы

 

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз