фото: kyn.kz
Жапон ғалымдары инновациялық препаратты ойлап тапты. Бұл тістердің үшінші жиынтығын өсіруге мүмкіндік береді. Клиникалық сынақтар бір жылдан кейін басталады.
Ғалымдардың айтуынша, адамның ағзасында тістердің үшінші жиынтығының өсуі үшін қажет нәрсенің бәрі бар, бірақ бұл процесс белгілі бір ақуызбен бітеліп қалған.
Дәрілік затты сынау үшін тышқандарға эксперимент жасалды. Ол сәтті аяқталған. Дәрі «үшінші буын» тістерінің өсуіне мүмкіндік береді.
«Жаңа тістерді өсіру идеясы — әр тіс дәрігерінің арманы. Мен бұл дәрімен аспирант болған кезімнен бастап жұмыс істедім және жүзеге асыра алатыныма сенімді болдым», деді Осака қаласындағы Китано медициналық институтының жетекші зерттеушісі Катсу Такахаши.
Такахашидің зерттеу тобы тістердің өсуін шектейтін USAG-1 ақуызына назар аударды. Бұл ақуыздың қызметін тежеуге қабілетті бейтараптандыратын антидене жасалды. Дәріні ішкеннен кейін тышқандарда жаңа тістер шыға бастаған.
Қазір адамдарға арналған препарат әзірленіп жатыр. Ең алдымен, дәрі барлық тістері бар адамдарға арналған. Бұл «адентия» деп аталады. Мамандардың айтуынша, болашақта бұл дәрінің қолдану ауқымы кеңеюі мүмкін.
«Тістерді емдеу мүмкін болмаған кезде, адамдар оларды жұлдыртып және тіс протездерін немесе импланттарды орнатуға мәжбүр болады. Үшінші буын тістерін өсіру мүмкіндігі жағдайды өзгерте алады. Қалай болғанда да, біз алдағы жылдары тістерді қалпына келтіретін дәрінің қолжетімді болатынына сенеміз», дейді Такахаши.
Препараттың клиникалық сынақтары 2024 жылдың шілдесіне жоспарланған. Жалпы пайдалануға 2030 жылы ұсынылуы мүмкін.
Айта кетейік, кейбір бауырмен жорғалаушылар мен акулалардың ағзасы жаңа тіс шығаруға қабілетті.
Alashainasy.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через