Жапон дәрігерінің кеңесі
Жапондықтар салмақ қосуды аурудың бастауы деп атайды екен. Дәрігерлерге сенбе, дәрігерлер мен емшілердің көпшілігі - пайда табуды көздеген бизнеске негізделген. Ғылым ештеңені толық емдеген жоқ. Ол сол уақытта ғана ауырсынуды басады. Бірақ ол аурудың себебін емдемейді. Ауырсыну бұл ғажап нәрсе. Ауырсынуды басатын дәрілерді қолданбауға тырысыңыз. Мотивацияны құрметтей біліңіз. Бір нәрсені байқап көруге және оны жаңадан бастау үшін мотивация өте маңызды. Әрдайым алдын ала жоспарлаңыз . «Егер дайын болсаңыз, қайғы-қасірет болмайды.
Өмірдегі барлық нәрсе үшін шынайы алғыс айта білу керек. Бар нәрсенің бәрі сенде болуы міндетті емес. Мысалы жақсы көретін адамың, ұнатқан затың, жұмыс – қызметің дегендей. Сондықтан барына риза бол. Жедел сатыны пайдаланба. Дененің төменгі бөлігін дамыту - ұзақ және сау өмір сүрудің құпиясы. Уайымдауды доғарыңыз. Болуы тиіс нәрсе болмай қоймайды. Білгеніңмен бөліс, білім мұхит сияқты. Мұхиттан шөмішпен су алып, өзгемен бөліскенмен, оның суы азаймайды.
Ақшаға ессіз ғашық болма . Ақша - тек құрал ғана. Бақыт ол жерде ғана болмайды. Өнеге бола алатын бірдеме тап. Өзің ең жақсы жасай алатын нәрсені істеп, басқаларға үлгі бол. Жақсы күле білу, жаза білу өнері тағы сол сияқты. Зейнетке шығу туралы ойлама. Қоғамға белсенді бол.
Әрқашан миыңды жұмыс істете біл. Денеңді шынықтырып дамытқандай, миыңды да дамыта біл. Ешқашан тоя тамақтанба. Асқазанның 80 пайызынан асырма. Күн сайын бір стақан қызыл шарап іш. Аурудың алдын алады және жүрек – қан тамырлары ауруларының қаупін азайтады.
Жақсылап ұйықтап демал. Шаршауды басу үшін 8 сағаттық, кем дегенде 6 сағаттық ұйқы керек. Шын жүрегіңізбен күле біліңіз. Стресспен күресудің ең жақсы тәсілі. Кешіріп үйрен , ренжігіш адам іштей мүжіледі.
Омега 3-ке бай тағамдар қолданыңыздар. Жасыңыз емес, ақыл-ойыңыз жас болуы маңызды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через