Жануарлар біз ойлағаннан әлдеқайда ақылды

Жануарлар біз ойлағаннан әлдеқайда ақылды

Жануарлар біз ойлағаннан әлдеқайда ақылды

Ішіндегі суға қол жеткізу үшін стақандарға тас лақтырған қарғалар туралы бәрі біледі, бірақ сіз ойлағаннан әлдеқайда ақылды жануарлар қаншалықты көп екенін білесіз бе?

Шимпанзенің есте сақтау қабілеті адамдарға қарағанда жақсы ма?

Шимпанзенің есте сақтау қабілетін зерттеудің бір жолы - тамақты олардың алдындағы түрлі-түсті жәшіктердің астына жасыру. Жануарларға азық-түліктің қандай жәшіктердің астына жасырылғаны көрсетілді, содан кейін олар қораптардың қайсысында тамақтың жасырынғанын көрсету керек болды, тапсырма сәтті орындалған жағдайда оларға ас сыйлық ретінде берілді. Осыдан кейін олардың жадысын тексеру кезегі келді: қораптар 15 секундқа жасырылды, содан кейін шимпанзелер олардың қайсысында тамақ бар екенін тағы да көрсету керек болды. Орташа есеппен, шимпанзелер 4 элементті есте сақтай алды, ал ең жақсы нәтиже 7 болды.

Пілдер топта жақсы жұмыс жасай алады

Пілдердің ақылды жануарлар екені бәрімізге мәлім. Олардың миы адамдікінен 3 есе үлкен, яғни оларда ми жасушалары 3 есе артық! Шындығында, пілдердің ақыл-ойы жақсы зерттелген және олар басқа пілдерге еліктеп, жанашырлықпен қарауды және тіпті олардан мүмкіндігі төмен басқа пілдерге қамқорлық білдіретіні туралы деректер бар. Мұндай қасиет жануарлар әлемінде кең таралған емес, себебі көптеген жануарлар тек өзінің қамын ойлап үйренген.

Пілдердің ең қызықтысы - олар мақсатқа жету үшін бірігіп жұмыс істей алады. Зерттеушілер мұны қорапқа азық-түлік салу арқылы тексерді. Кораптағы тамақты тек екі әр түрлі жіпті тартқан кезде ғана алынуы керек болды, және пілдер бұл тапсырманы сәтті орындай алды.

Дельфиндер адамның әрекеттеріне еліктей алады

Егер адам арқасымен жүзсе, дельфин дәл соны қайталай алады, егер адам екі қолын айқастырса, жүзбеқанаттары бар дельфин де бұған еліктей алады. Одан да таң қалдыратыны, дельфиндердің басқа сезім мүшелерінің дамығаны сонша, олар көздері байланған болса да, адам әрекетіне еліктей алады.

Егеуқұйрықтар лабиринттері

Лабиринттердегі егеуқұйрықтар туралы бәріміз білеміз: онда лабиринттің бір шетіне ірімшік, ал екінші шетіне егеуқұйрық қойылып, оның ірімшікке қалай жететіні бақыланады. Алайда бұл өте жоғары интеллект деңгейін көрсететінін білесіз бе?

Ірімшікке жету үшін егеуқұйрықтар айналасындағы көптеген сенсорлық сигналдарды өңдеп, шатастырылған кеңістікте жол табуы керек. Одан да таң қалдыратыны, пілдер сияқты егеуқұйрықтар да өз түрінің басқа өкілдеріне көмектесуге тырысады.

 

Дереккөз: temaretik.com