Жаңбыр жауып, дауыл соғады: синоптиктер алдағы 3 күнге болжам жасады

Жаңбыр жауып, дауыл соғады: синоптиктер алдағы 3 күнге болжам жасады
фото: https://sputnik.kz

Жаңбыр жауып, дауыл соғады: синоптиктер алдағы 3 күнге болжам жасады

Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады.

Қазгидромет мамандары 12-14 сәуір аралығындағы ауа райын болжады.

Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады: жаңбыр жауады, оңтүстік бөлігінде найзағай ойнайды, екпінді жел болып, арты жаңбырға ұласады.

Республиканың солтүстік-шығысында ғана күн ашық болады.

Барлық өңірде тұман түседі, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасы +10...+18C-тан +18...+26C-қа дейін құбылады.

Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде +10...+17C-тан +15...+26 C-қа дейін, ал республиканың оңтүстік жартысында +22...+32C-қа дейін көтеріледі.

Ірі қалалардағы ауа райы

Алматыда 12-13 сәуірде жаңбыр жауады, түнде +15...+16C, күндіз +21...+23C көрсетеді.

14 сәуірде күн бұлтты, түнде +15C, күндіз +21C.

Нұр-Сұлтанда 12 сәуірде күн бұлтты, түнде +2C, күндіз +14C көрсетеді. 13 сәуірде түнде +6C, күндіз +16C болады.

14 сәуірде күн ашық, түнде +6C, күндіз +20C көрсетеді.

Шымкентте 12 сәуірде күн бұлтты, түнде +16C, күндіз +24C болады.

13-14 сәуірде күн ашық, түнде +14C, күндіз +25...+27C көрсетеді.

Мәтіндегі ақпарат туралы