Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина журналистермен өткен брифингте жаңажылдық тәттілерді дайындау кезінде қандай ережелер мен талаптарды сақтау керектігін айтты.
Жаңажылдық тәтті сыйлықтарды ұйымдастырылған сауда орындарында (дүкендер, сауда базалары, ресми базарлар) сатып алу қажет. Қаптамасы берік, тығыз жабылған, деформацияланбаған, сондай-ақ ішіндегісі сыртқы әсерлерден жақсы қорғалған болуы керек.
«Жарамдылық мерзімін тексеріңіз, жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын тәттілерді сатып алмағаныңыз жөн. Құрамында консерванттар, аспаздық және кондитерлік майлар, соя өнімдері, хош иістер, тәттілендіргіштер ең аз жиынтықтарды таңдаңыз. Кондитерлік өнімдерде алкоголь, табиғи кофе, балаларда аллергиялық реакция тудыруы мүмкін басқа компоненттер болмауы керек», - деп түсіндірді Айнагүл Мусина.
Маман тез бұзылатын тағамдарды – сүзбе ірімшіктерін, йогурттарды, торттарды немесе крем толтырылған печеньелерді сыйлыққа салмауға кеңес береді.
Осы ретте, сыйлық үшін үйде және фруктоза мен қант алмастырғыштардан жасалған түрлі тәттілерден бас тартып, жылтыратылған мармелад, зефирді және шоколадты аз мөлшерде салған жөн.
Шоколадтың құрамында пальма майы болмауы керек. Печенье таңдауға келетін болсақ, калориялы, майлы және тәтті емес, диеталық – галет, сұлы ұнынан жасалған өнімді таңдаған дұрыс.
«Кондитерлік өнімдерді жиі пайдалану тіс кариесіне, атопиялық дерматиттің (диатездің) көріністеріне, аллергиялық реакцияларға әкелуі мүмкін. Печенье, фрутиладтарға (жеміс батончиктері) және кептірілген жемістерден жасалған кәмпиттерге, козинактарға, гематогенге, вафлиге, пастилге, мармелад пен зефирге, шайнайтын мармеладқа (аз мөлшерде), кептіріліп оралған жемістер мен жаңғақтарға артықшылық берген абзал. Тәтті сыйлық ретінде жемістер өте жақсы: алма, алмұрт, мандарин, апельсин, банан. Мандариндер мен апельсиндерді екіден артық қоспаған дұрыс екенін ескеріңіз. Өйткені цитрус жемістерін көп қолдану балада аллергия тудыруы мүмкін, тіпті олар бұрын аллергия болмаса да», - деп түйіндеді Айнагүл Мусина.
Өңірдің мемлекеттік санитарлық дәрігері атап өткендей, аталған ережелерді сақтау арқылы жаңажылдық тәттілерді қауіпсіз дайындауға және балаларға керемет көңіл-күй сыйлауға мүмкіндік береді.
Дереккөз қазАқпарат. Фото: rare-gallery.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через