Бұрындары, бензин тапшы кезде, әсіресе ауыл тұрғындары, «әлде қандай заман болар екен» деп жанармайды артығымен алып, сақтап қоятын. Қазір де кейбір отандасымыз осындай іс-әрекетке барады. Тек олар жанармай таусылып қалады деп емес, бағасы онан сайын шарықтап кете ме деп қауіптенеді.
Бірақ сапасына байланысты ма, бұрынғыдай емес, қазіргі жанармай тұра берсе, қасиетін жоғалтатын көрінеді.
Мамандардың айтуынша, жарты ғасыр бұрын маркасы 93-тен 98-ге дейінге дейін сұйық отындар, солтүстік аймақта 24 ай сақталған. Орталық өңірде 18 ай, ал оңтүстікте 6 ай уақыт бойы бұзылмаған.
Ал қазір отын дайындалған күннен бастап 1 жыл ғана сақталады. Бұл мерзімнен асса, сапасын жоғалтады. Октан сандары отынның ұзақ сақталуына әсер етпейді.
Сондықтан бағасы өсіп кете ме деген себеппен жанармайды сақтап қоюға болмайды. Өндірушілер де сұйық отынды тек 12 ай сақтауға болатынын ескертеді.
Ал автомобиль багында отынды 6 айдан артық сақтауға болмайды.
Фото: zr.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через