10 сәуірден бастап Жамбыл және Түркістан облыстарында ішкі істер органдары көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, жанар-жағармайды елден әкетуге жол бермеу бойынша рейд жүргізіп жатыр.
Полиция қызметкерлері тиісті рұқсатсыз қосымша жанармай бактарын орнатып алған көліктерге баса назар аударады.
«Іс-шараның үш күнінде осындай құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 57 жүргізуші жауапқа тартылды, 21 әкімшілік материал бойынша көлік құралдарын одан әрі пайдалануға тыйым салынды», - делінген мәліметте.
Фото kolesa.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через