2023 жылдың 12 сәуірінде ҚР Энергетика министрінің «Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрығы күшіне енеді.
Құжатқа сәйкес шекті бағалар:
- АИ-92 және Аи-93 маркалы бензин литріне 205 теңгеге дейін;
- дизель отыны литріне 295 теңгеге дейін құрайды.
Отынның кейбір түрлеріне жаңа бөлшек сауда бағаларын белгілеу мәжбүрлі шара болып табылады және оның көрші елдермен құнының диспаритетін төмендету қажеттілігімен байланысты. Бұл елден мұнай өнімдерінің шығуын азайтуға және ішкі нарықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, Қазақстанда жанар-жағармай бағасы 2021 жылдың күзінен бері өзгерген жоқ.
Сонымен қатар көктемгі егіс жұмыстары аяқталғанға дейін фермерлер үшін дизель отынының құны өзгермейді. Операторлардың шығыстарын ескере отырып, аграршылар үшін республика бойынша орташа баға литріне 204 теңгені құрайды, бұл нарықтық бағадан 31% - ға төмен.
Бұл ретте дизель отынының бұрын белгіленген сараланған бағасы өзгеріссіз қалады.
Атап айтқанда, Қазақстан азаматтары жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде литріне 295 теңге бағасымен тәулігіне 100 литр сатып ала алады. Жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында көлік құралын тіркеу туралы куәлік ұсынылған кезде тәулігіне бекітілген лимит ұқсас баға бойынша 300 литрден беріледі.
«Қалған санаттағы адамдар үшін, сондай-ақ жоғарыда аталған лимиттерді дизель отынын сатып алатындар үшін баға литріне 450 теңге болады»,-делінген хабарламада.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото ru.sputnik.kz, kolesa.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через