фото: syrboyi.kz
Салық кодексіне сәйкес 2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі басталады. Соған байланысты ұлттық палата кәсіпкерлерге декларациялау тәртібін түсіндіру үшін семинар ұйымдастырады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды 2024 жылғы 1 қаңтарға заңды тұлғаның басшылары, құрылтайшысы және олардың жұбайы және жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайы тапсыруы тиіс.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 8 желтоқсанда сағат 11.00-де Мемлекеттік кірістер комитеті және Учет.kz порталымен бірлесіп, жалпыға бірдей декларациялау бөлігінде салық заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізеді.
Семинарға өңірлік кәсіпкерлер палатасы немесе онлайн форматта мына zoom-сілтеме арқылы қатысуға болады.
Baq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через