Жаңа жылдан бастап мобильді ақша аударым бақылауға алынады

Жаңа жылдан бастап мобильді ақша аударым бақылауға алынады

Қаржы министрлігі жаңа жылдан бастап мобильді ақша аударымды бақылайды, деп хабарлады Standard.kz тілшісі.

Егер айына бір шотқа жүзден астам аударым жасалса және осындай көрсеткіш үш ай қатарынан қайталанса, Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғадан салық талап етуге құқылы. 

Әзірге бұл мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайының шотына түскен ақшаға қатысты. Ал екінші кезеңге квазимемлекеттік сала қызметкерлері ілігеді.

2025 жылы үшінші кезеңде жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бақыланса, 2026 жылдан бастап барлық қазақстандықтың ақшалай аударымы туралы мәлімет комитеттің қарауына түседі.

Бүгінгі таңда жалпы 570 мың мемлекеттік қызметкер декларация толтырса, 29 мың адам жеке табысын көрсетуден жалтарып жүр. 

Фото: ru.sputnik.kz