фото: gov.kz
Жаңа жыл түні елімізде пиротехинка бұйымдарынан 16 адам зардап шекті. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«1 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысында 15 жастағы жігітке медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер шақыртылды. Ол көшеден тауып алған петардадан жарақаттанған. Қолына ұстағанда жарылғандықтан жасөспірімнің сол алақаны 10 см көлемінде ашық жарақат алған. Үш саусағында тырнақ пластинкасы жоқ, төртінші саусағының ұшы жоқ, бетін термиялық күйік шалған. Ол Өскемен қаласының Ана мен бала орталығына жатқызылды», - деп жазылған министрліктің ресми жауабында.
Жамбыл облысында дәрігерлер 2 шақыруға барған. Ондағы екі адамның да қолында петарда жарылған және екеуі де ауруханаға жатқызылды.
Түркістан облысында 1 қаңтар күні 26 жастағы ер адамға медициналық көмек көрсетілді, ол отшашу жағамын деп, білегін жеңіл жарақаттаған.
Алматы қаласы бойынша 31 желтоқсан мен 1 қаңтар күндері 12 адам пиротехникадан зардап шеккен, оның ішінде 4 бала бар. 9 адам, оның ішінде 3 бала ауруханаға жатқызылған.
Қалған өңірлерде пиротехникадан (отшашудан) зардап шеккен тұрғындардан шақырту түспеген.
Фото ac.al-shell.ru.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через