Жаңа Зеландияда әуе шары үйге құлады

Жаңа   Зеландияда    әуе   шары    үйге    құлады

Жаңа   Зеландияда    әуе   шары    үйге    құлады

Жаңа Зеландияның  Оңтүстік  аралында әуе шары үйге құлады. Оқиға салдарынан 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды NZ Herald.

Әуе шары Эрроутаун елді мекенінің жанында құлады. Екі адам ауыр дене жарақатын алды, оларды ауруханаға жатқызу үшін тікұшақтар қажет болды. Бір адам  орташа, ал тағы сегіз жергілікті тұрғын жеңіл жарақат алды. Олардың   барлығы    ауруханаға   жедел   жәрдем   көлігімен   жеткізілді.

Бұған дейін АҚШ-та әуе шарының апатынан төрт адам қайтыс болды деп хабарланған болатын. Әуе шарының себеті үзіліп, демалушылармен бірге жерге құлады. Бортта кемінде бес адам болды. 40 пен 60 жас аралығындағы төрт жолаушы оқиға орнында қайтыс болды, тағы біреуі ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді.