Жаңа туған сәбиіне екпе салдырудан бас тартатын астаналықтар көбейген

Жаңа туған сәбиіне екпе салдырудан бас тартатын астаналықтар көбейген

Астанада жаңа туған нәрестелеріне екпе салдырудан бас тартқан ата-аналар саны артқан..

Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.

Айтуынша, жаңа туған сәбилер арасында екпе алу дерегі азайған.

Жаңа туған нәрестелер арасында туберкулез бен В вирустық гепатитіне қарсы екпе алу бойынша межелі көрсеткішке қол жеткізе алмадық. Сондай-ақ сәбидің 18 айында салынатын AбКДС-4 екпесін салу да төмендеп кетті. Бұған медициналық қарсы көрсеткшітер мен негізінен екпе салдырудан (ата-аналардың – ред.) бас тартуы себеп болып отыр, - деп атап өтті қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.

Сондай-ақ елорданың бас санитар дәрігері жоспарлы иммундаудан бас тартудың соңы неге әкелетінін айтты.

Жоспарлы иммундау деңгейінің төмен болуы, профилактикалық екпеден бас тартудың көбеюі, қисынсыз медициналық қарсы көрсетілімдер халықтың вакцинамен бәсеңдетуге болатын инфекцияларға иммундық қабатының төмендеуіне алып келеді. Сонымен қатар осы инфекциялардың өсуі мен таралуына қолайлы орта қалыптастырады, - деді Сархат Бейсенова.

Baq.kz