Жамбыл облысындағы тас жолда 400 көлік пен 30 жолаушылар автобусы жиналып қалды

Жамбыл облысындағы тас жолда 400 көлік пен 30 жолаушылар автобусы жиналып қалды

Қалың қар жау мен қолайсыз ауа райы  ұзақ жолға шыққан азаматтарды жолынан қалдырды. Жамбыл облысындағы үлкен жолда 400 автокөлік пен 30 жолаушылар автобусы боран құрсауында қалды.

"11 ақпанда Жамбыл ауданында "Алматы-Термез-Ташкент" тас жолының жабық учаскесінің алдында (534-593 шақырым) 150 жеңіл, 250 жүк көлігі және 30 жолаушылар автобусы жиналып қалды. Жамбыл ауданында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылды. Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі", - делінген хабарламада.

Жамбыл облысы

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

АМО бригадасы 15 адамға (қысым, бас ауруы, стресс) медициналық көмек көрсетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб ұйымдастырылды.

Сонымен қатар "жедел желі " телефондары ашылды": 8 (7262) 513575, 514167.

Дереккөз Zakon.kz. Фото inbusiness.kz