фото: sputnik.kz
Жамбыл облысындағы Аспара станциясындағы жүк вагондары жолдан шығып кетті, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы компаниясының баспасөз қызметі.
Компанияның мәліметінше, 17 шілде сағат 01:05-те Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара станциясында жүк вагондарының жолдан шығып кеткен.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Аталған жағдай жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне әсер етті. Барлық пойыз ауыз сумен қамтамасыз етілген, вагон-мейрамханалар жұмыс істеп тұр", - делінген компания хабарламасында.
Орын алған жағдайдың себептерін анықтау үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында арнайы комиссиясы құрылды.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через