Жамбыл облысында бір реттік медициналық бұйымдар шығарылады

Жамбыл облысында бір реттік медициналық бұйымдар шығарылады
фото: Baq.kz

       Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеровпен бірге Жамбыл облысындағы «Super-pharm» зауытының үшінші желісін іске қосты.

       «Super-pharm» ЖШС - бұл фармацевтикалық зауыт, ол 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде бір реттік медициналық бұйымдарды өндіру бойынша қызмет жүргізіп келеді.

       Кәсіпорын өз өнімдерін отандық медициналық мекемелермен қамтамасыз етеді. Ерекшелігі-технологиялық процестің аяқталған циклі бар, яғни шикізаттан дайын өнімге дейін.

       Қазіргі уақытта ҚР емдеу-профилактикалық ұйымдары үшін зауыт өндіретін өнімдердің ассортименті мата емес материалдардан бір рет қолданылатын медициналық бұйымдар (медициналық киім-кешек және жайма), бір рет қолданылатын бұластыр түріндегі медициналық бұйымдар, пластиктен жасалған бұйымдар және инфузиялық ерітінділер құюға және қан құюға арналған жүйелер өндірісін қамтиды.

Осы өндірісте 100-ден астам жаңа жұмыс орны қосымша құрылатын болады, одан әрі күрделі препараттарды шығару жоспарлануда. Фармацевтика мен медициналық бұйымдардың жеке өндірісінің болуы ұлттық қауіпсіздіктің негізгі факторы болып табылады. Президент жақын арада отандық тауар өндірісінің үлесін 50%-ға дейін жеткізуді тапсырды, осы тапсырманың шеңберінде осы саладағы жаңа қуаттар ашылуда,-деп атап өтті Денсаулық сақтау вице-министрі.

       Бұдан әрі жұмыс сапары шеңберінде Жандос Бүркітбаев облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеровпен және денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспановамен бірге Жуалы ауданындағы «Теріс» фельдшерлік-акушерлік пунктінің ашылуына қатысты.

       Медициналық объектінің құрылысы Мемлекет басшысының ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүзеге асырылды.

       Ауысымда 10 адам қабылдайтын бұл ФАП ауыл тұрғындарына медициналық-санитарлық алғашқы көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, шалғайдағы пункттердің тұрғындарына сапалы медициналық көмекті жақындатуға, тұрғындарды скринингтік бағдарламалармен қамтуға, балалар халқын вакцинациялаумен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған.

       Жаңа, кең, жарық ғимарат барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Мұнда дені сау баланың кабинеті, емшара кабинеті, гинекологиялық және терапиялық кабинеттер, заманауи талаптарға сәйкес келетін сүзгі орналасқан.

       920 ауыл тұрғыны, оның ішінде 220 -14 жасқа дейінгі бала, 18бір жасқа дейінгі бала медициналық көмек ала алады. ФАП-ты аға дәрігер Нұрладин Ермеков басқарады, штатта үш мейіргер жұмыс істейді.

       Денсаулық сақтау вице-министрі жаңа ыңғайлы фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуымен құттықтап, ұжымға табыс тіледі. Ауыл тұрғындары жаңа ФАП ғимаратын аралап, алғыстарын білдірді.

       Baq.kz