Жамбыл облысында әскери қоймада оқ-дәрілер жарылды

Жамбыл облысында  әскери қоймада оқ-дәрілер жарылды

 

Жамбыл облысында  әскери қоймада оқ-дәрілер жарылды

 Кеш  кешкісін  Жамбыл  облысындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды. Байзақ ауданы Қайнар ауылында орналасқан Қазақстан Қорғаныс министрлігінің №28349 әскери бөлімінің (инженерлік-саперлік бригада) оқ-дәрі қоймаларының бірінің аумағында өрт шыққан.

Бұл туралы сигнал 19.10 - да келіп түскен. Әскери бөлімнің барлық жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп,  өртті сөндірумен әскерилер, сондай-ақ келген өрт сөндіру командалары және құтқарушылардың шынжыр табанды арнайы техникасы жұмылдырылған.

Айналадағы барлық ауылдар эвакуацияланып, зардап шеккендер Тараз ауруханаларына ондаған жедел жәрдем көліктері арқылы  жеткізілген.  Жарылыстан  зардап  шеккен  66 адам  ауруханаға жатқызылды.  Қауіпсіздік мақсатында жолдар, соның ішінде темір жолдар жабылған. Төтенше жағдай орнына Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен ТЖМ басшысы Юрий Ильин ұшып келді.

 

 

 

 Мақалаға  жүктелген  фото  мен  видео  ватсап  желісі  арқылы  келіп  түсті.