Бүгін, 29 тамызда Қазақстанда Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Тиісті бұйрыққа мемлекет басшысы кеше қол қойған болатын. 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Соңғы деректер бойынша, барлығы 13 адам қаза тауып, жүзге жуық адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Аталған қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі қызметтік бабында жүрген кезінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың фотосын жария етті. Оған қоса Қорғаныс министрлігі де төтенше жағдай кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері мен суреттерінің тізімін шығарды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через