Жалған ақшаларды шығару бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр.
Жарты жылда Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер 1 млн теңгеден астам сомаға қолдан жасалған 336 ақша белгісін анықтады. Оның 333-і – банкнот, ал үшеуі – монета. Бұл туралы ҚР ҰБ Қолма-қол ақша айналысы департаменті Банкноттар мен монеталарды сараптау басқармасының басшысы Асқат Мұқамадиев мәлімдеді
Көп жағдайда жасанды 2000 және 5000 теңгелік купюралар әшкереленген. Жалған ақшаларды шығару бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр. Онда 271 қылмыс тіркелген. Былтыр осы кезеңде 390 банкнот айналымнан алынған болатын.
Жалған ақшаны түпнұсқасынан ажырату үшін банкноттағы белгігерге мән берген абзал. Қағаз ақшаны қолға алған кезде саусақпен бетіндегі бедерін тексеру қажет. Содан кейін жарыққа ұстап, екі жағын мұқият көру керек. Шытырлаған дыбысы да болуы тиіс.
https//247kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через