фото: sputnik.kz
Жайық өзені деңгейінен көтеріліп барады. Бұл туралы ауыл тұрғындары бейнежазба түсірген.
Видеоны Володравка және Трекина ауылының тұрғындары бүгін таңертең түсірген. Олардың айтуынша, судың деңгейі 2 метрге көтерілген. Енді бір метр көтерілсе су жағадан асып кетеді.
"Ресей аумағының жоғарғы ағысында мұз әлі еріген жоқ", - деп жазды Орынбордағы БАҚ. Демек өзендегі су тасқыны қаупінің бұл басы ғана. Жайық өзені қазір еріген қар суының салдарынан көтерілген.
Айта кетері, бұл өзенге Утва, Шаған және басқа да кіші өзендер келіп құйылады.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через