«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын мектептерде ұлттық нақыш болады. Мердігер компанияларға осындай шарт қойылып отыр.
Жайлы мектептерді салуға отандық үздік инженерлер, сәулетшілер мен дизайнерлерді тарту жоспарланған. Заманауи технологиялар қолданылады. Жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу ашық конкурс негізінде өтеді». «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов.
Сондай-ақ, жайлы мектептерде ерекше балаларға толық жағдай жасалмақ.
«Еліміздегі мектептердің дені Кеңес заманында салынған, көпшілігі ерекше балалар үшін қолайсыз. Жайлы мектептерде барлық оқушының қажеттіліктері ескеріледі, яғни кедергісіз, ыңғайлы кеңістік және пандус, лифті, дәретхана болады. Сонымен қатар, әр мектепте инклюзивті білім беру кабинеті болуы керек. Мұның бәрі балаларды қоғамға жақсырақ бейімделуіне қажет алғышарттармен қамтамасыз етеді», - дейді Мәулен Айманбетов.
Айта кетсек, 2025 жылға қарай ел аумағында 842 мың орындық 401 жайлы мектеп ашу жоспарланып отыр. Ол мектептердегі орындардың саны 300-ден басталып 2500-ге дейін жетеді.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через