Жаңа ортаға бейімделе алмағандар көз жұмады. Климаттың өзгеруі нәтижесінде адам ағзасы қалай өзгеретіні туралы Sasapost басылымы жазды.Мақала авторы Амира Хасан жаһандық жылыну тақырыбына қатысты көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдап мынадай қорытындыға келген. Жаһандық жылыну дәуірінде жануарлардың да адамзаттың да аман қалуына тек физиологиялық өзгерістер ғана көмектеседі.
Сонымен климаттық өзгеріс біріншіден ағзадағы табиғи пигмент мелонин деңгейіне әсер етеді. 2014 жылғы зерттеуге сәйкес қараторы адамдар экстримальды температураға әлдеқайда төзімді келеді екен. Ал теріс ақсары адамдар мелонин секрециясының деңгейін өзгерту арқылы бейімделуге мәжбүр болады. Шілде айында жарияланған Кембридж университетінің зерттеуі қоршаған ортадағы өзгерістер адамның дене тұрпатына да әсер ететінін анықтады. Адамның дене бітімі кішірейіп миының көлемі азаяды. Есте сақтау қабілетінен айырылады. Сөздік қоры түгесіліп өз ойын еркін жеткізе алмайтын болады. Ми қан айналымы нашарлап, оқуда қиындықтарға тап болады. Ауа температурасының жоғарылауына байланысты адам денесінде болатын түбегейлі өзгерістерді зоолог Андреа Маника осылай сипаттайды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через