фото: алаш айнасы
Жаһандық жылыну салдарынан ауру көбейеді
Енді 50 жылдың шамасында жануарлардан адамға жұғатын вирустар 4 мың есе артады. Америкалық ғалымдардың болжамы осындай. Мамандардың айтуынша, жаһандық жылынуға байланысты аң-құс тіршілік ету ортасын ауыстырады. Бұл қауіпті арттырады. Әсіресе Азия мен Африкада жағдай қиындайтын түрі бар. Ғалымдар бұл орайда коронавирусты мысал етеді. Өйткені бұған дейін жарқанаттарда болатын бұл дерт адамға қауіп төндірмеген еді. Мамандар қазірдің өзінде жабайы аңдар арасында адамға жұғуы мүмкін 10 мыңдай вирус барын айтады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через