Жабылған автожолдарда 5 мыңнан астам көлік жиналып қалған

Жабылған автожолдарда 5 мыңнан астам көлік жиналып қалған
фото: sputnik.kz

Республикалық автожолдардың 9 учаскесі жабылды

Автожолдардың жабық учаскелерінің блок бекеттерінде 5 мыңнан астам көлік жиналып қалған, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

"ҚазАвтоЖол" АҚ деректері бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, көрінуді шектеу, автожолдарды тазарту, қар көшкіні қаупі) республикалық автожолдардың 9 учаскесінде және 8 өңірде облыстық маңызы бар 27 учаскеде (Ақмола, Абай, Ақтөбе, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, СҚО, Ұлытау) автокөліктердің қозғалысы жабылды", - деп жазылған хабарламада.

6 өңірде (Алматы, Ақтөбе, ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан) республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалысты шектеу енгізілді.

ҚазАқпарат