фото: https://sputnik.kz
Екінші айналымда жерлес спортшы бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен ойнайды.
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA 500 сериясы турнирін сәтті бастады.
Путинцева (әлемнің 44-ші ракеткасы) бірінші айналымда Канада өкілі Бианка Андреескуды (әлемнің 37-ракеткасы) 7:6 (7:2), 6:2 есебімен ұтты.
Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды.
Екінші айналымда Юлия бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен ойнайды.
Ал Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирдің бірден екінші айналымынан бастайды. Ол чехиялық Каролина Плисковаға қарсы ойнайды.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через