Павлодарда биыл жаңа жыл мерекесін тойлауға 80 млн теңгеден астам қаражат жұмсалмақ.
Мемлекеттік сатып алу порталында екі бірдей лот жарияланған. Бұған қаланы түрлі диодты шамдармен әрлеп, шыршаны безендіру қарастырылған. Шаһар әкімдігі жаңа жылға дайындықты ерте сәуірден бастапты. Содан бері екі рет конкурс жариялап үлгерген.
"Павлодарды жаңа жыл қарсаңында жарық диоды шамдармен безендіруге 58 млн 240 мың теңге бөлінді. Бұған қаладағы саябақтар, скверлер, орталық жағалау алаңы, көшелер мен ғимараттардың қасбеті жарықтандырылатын болады. Бұдан бөлек 3 шыршаны әсемдеуге 16 млн 600 мың теңге бөлінді", – дейді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова.
Ал тұрғындар мұны қомақты қаржыны босқа шашу деп санайды. Мемлекет қаржысын ысырап еткенше, оны пайдалы шаруаға жұмсамай ма дейді.
"Ысырапшылдықтың бір түрі. Осы ақшаға көп пайда келтіруге болады халыққа". "80 миллион деген көп ақша. Оданда коронавируспен ауырып жатқан балаларға көмектескен артық". "Трамвай жақсы жүргенімен, автобустардың саны аз ғой. Сол себепті автобустың санын көбейтуге болады. Қыс кезінде халыққа өте пайдалы. Автобус жылдам келсе, аялдамада көп тұрмайсың, өте жақсы болушы еді" дейді тұрғындар блиц-сауалнама кезінде.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через