Хостелдегі өрт: қайтыс болғандар тізіміндегі 20 жастағы жігіт тірі болып шықты

Хостелдегі өрт: қайтыс болғандар тізіміндегі 20 жастағы жігіт тірі болып шықты
фото: © Photo : otyrar.kz

Алматы хостеліндегі өр кезінде қайтыс болғандар тізіміне енгізілген Түрістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны тірі болып шықты.

Бұл туралы Дерсібек аулының әкімдігі хабарлады деп жазды, жергілікті Отырар ақпараттық порталы.

20 жастағы Імірәли Батыржан Шымкенттеге медоеселердің бірінде білім алған. Кейін Алматыға жұмыс іздеп кетіп, өрт болған хостелге тоқтаған. Өрт болардан бірнеше күн бұрын оны ата-анасы Ташкентке еріп баруларын өтініп, ауылға шақырып алған.

Қазіргі күні Әмірәли ауылында, ата-анасының жанында.

Еске салсақ, 30 қараша күні Алматыда хостелдердің бірінде өрт шығып, 13 адам көз жұмды. Полицияның мәліметінше, қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдік (Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы), тағы 9-ы - Қазақстан Республикасының азаматы.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, хостелдің рұқсат құжаты болмаған. 13 адамның өмірін қиған өртті тексеруге үкіметтік комиссия құрылды. 

ҚазАқпарат