Халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін

Халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін
фото: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы

       "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қалалсы департаментінің өкілдерімен бірге тұрақты түрде халықпен кездесіп отырады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары және автоХҚО-лар арқылы халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында ІІМ органдары, Автомектептер басшылары,Кіріс департаменті, қоғамдық ұйымдар, мәжіліс, мәслихат депутаттары және т.б. құзыретті органдар өкілдерімен бірлесіп қоғамдық қабылдаулар, ашық есік күндерін өткізді. Сапалы қызмет көрсетудің жолдарын қарастырды. Кейбір мәселердің шешімін табу үшін ведомство аралық комиссияға ұсыныстар енгізді.

            

        Осылайша, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы мен  Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы департаменті арасында өзара әріптестік оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

       «Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қалалсы департаментімен өзара ынтымақтастық Меморандумын жасасқанбыз. Мемлекеттік қызметті халыққа сапалы ұсыну бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Оның ішінде қызмет алушылармен бетпе-бет кездесіп, ой-пікірлерін, ұсыныстарын тыңдау бойынша кездесулер бар. Бәрлескен жұмыс нәтижесі жаман емес. Халықтың арыз-шағымдарының азаюына да ықпал етті», - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.   

          

       Тұрғындармен кездесу барысында азаматтар онлайн қызмет алу, көлік тіркеу, жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру, жер кадастрын тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, шетелдік азаматтарды тіркеу, әлеуметтік мәселелері бойынша сұрақтармен жүгінеді.

       Тараптар күні кеше Алматы қаласы Жетісу ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Көші-қон жөніндегі орталықта қоғамдық қабылдау өткізді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейдалиев, бас маманы Мақсат Жаңбыршиев және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы Сапаны бақылау басқармасының басшысы Мадина Аманова қызмет алушылардың сұрақтарына жауап берді.  

       

        «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру шеңберіндегі мұндай қабылдаулардың маңызы зор. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-тарда көрініс тауып жататын кейбір теріс пікірлер, қызмет көрсетуші мекеме үшін қоғамда келеңсіз көзқарас қалыптастырып жатады. Соның алдын алу үшін, халықтың да ұсыныс-пікірлерін тыңдай отырып, қоғамдық резонансты төмендетуге атсалысамыз. Өз құзіретіміз шегінде шешілмейтін мәселелерді тиісті орындарға жеткіземіз», - дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы департаментінің бас маманы Мақсат Жаңбыршиев.   

       Жыл басынан бері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы департаменті өкілдері бірлесіп халықпен 30-ға жуық кездесулер өткізген. Қабылдауларға 3 мыңдай адам жүгініп, сұрақтарына жауап алған.