ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІСТАН-ТАШКЕНТ ЖАҢА ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІСТАН-ТАШКЕНТ ЖАҢА ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ

                                          ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІСТАН-ТАШКЕНТ  ЖАҢА ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ

            21 маусымда Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа рейс ашылады, деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі ....

          Түркістан - Ташкент , бағытында  аптасына екі  рет дүйсенбі, бейсенбі күндері арзан бағада   Fly Arystan авиакомпаниясы жүзеге асырады.            

           Жаңа халықаралық бағыт бойынша келісім  Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов пен  Өзбекстанның көлік министрі Ильхом Махкамов арасында болған кездесуде шешілді.           

           ҚГА эпидемиологиялық ахуал жақсарған сайын рейстер саны артатындығын атап өтті.           

           Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан әуе жолдары Өзбекстанның Бас консулдығының қолдауымен Ташкент - Үргенч - Ақтау бағытында және кері бағытта рейстер жасай бастады. ...           

           Сонымен қатар, 9 маусымнан бастап Алматы - Самарқанд рейсі ашылады, оны «Эйр Астана»  әуе компаниясы орындайды. Жолаушылар  сәрсенбі және жексенбі күндері А321  авиалайнерімен сапар шегетін болады.