WhatsАpp-пен мұғалімді балағаттаған ата-ана жазаланды

WhatsАpp-пен мұғалімді балағаттаған ата-ана жазаланды

 Павлодарда WhatsАpp-пен мұғалімді балағаттаған оқушының ата-анасына айыппұл салынды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бірнеше күн бұрын полицияға жүгінген Павлодар мектебінің мұғалімі өзінің оқушысына шағымданған.

«Мұғалім оқушысының WhatsАpp мессенджерінде оған балағат сөздер жазғанын айтты. Материал Павлодар облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді», - деді Павлодар қаласы полиция басқармасы орталық ПБ ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Әсия Әлкеева.

Мұндай әрекет үшін кәмелетке толмағанға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Заң бойынша кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық үшін ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін.

Фото: egemen.kz