фото: сурет – кейіпкердікі
Өткен аптада әлеуметтік желіде венгр қызы Тимеаның мажарлардың ұлттық аспабы ситерада «Әлқисса» күйін орындаған сәті таспаланған видео көп таралды.
Тимеа Янурик Будапешт қаласында өнерлі отбасында туып-өскен. Тимеаның өнерге деген қызығушылығын ерте жастан байқаған балабақша тәрбиешілері анасына оны әнге баулу керек екенін баса айтып, музыка мектебіне ертіп апаруға қолқа салған.
Ел ішінде «Қазір жастардың дәстүрлі әнге деген қызығушылығы азайып барады» дегенді жиі естиміз. Венгр қызы Тимеа да Венгрия жастары арасында да фольклорлық туындыларға сұраныс аз екенін айтады. Өзі осы олқылықтың орнын толтырып, мұны кеңінен насихаттағысы келеді. Шама-шарқынша насихаттап, жүрген жерінде бұл туралы айтып жүреді. Алдағы уақытта мен секілді өнерге жанашыр жандар қатары көбейсе, бұл өнердің болашағы жарқын болады деп сенемін», – дейді жас маман дәстүрлі әннің тұғыры биік болатынына сенім білдіріп.
Оқытушылық, зерттеушілік қызметінен бөлек, Тимеа Түркі жастарының ансамблінде өнер көрсетеді. Былтыр ғана құрылған бұл ансамбль бір жыл ішінде бірнеше елде концерт беріп үлгерген.
«Біздің ансамбль былтыр қаңтар айында құрылған. Онда он бір өнерпаз өнер көрсетеді. Бәрі де – түркі тектес халықтардың ұрпақтары. Ансамбльде қазақ, әзербайжан, түрік, қырғыз және венгр өнерпаздары бар. Бұл ансамбльдің бір ерекшелігі сол – онда әркім өзінің ұлттық аспаптарын тартады. Мысалы Тимеа ситерада, ұлты қазақ әріптесі домбырада, қырғыз кобуста, түріктер баламада ойнайды. Гитарада ойнайтын достары бар. Барлығы өз елдерінің фольклорлық туындыларын, фольклорлық әндерге негізделген туындыларын орындайды. Бәрімізді біріктірген – ұлттық өнерге деген ерекше құштарлық дейді. Осы топ Будапештте көп концерт берген. Словакияға да барып, өнерлерін көрсеткен. Ондағы мажарлар өнерлеріне сүйсініп, концерт беруді сұраған. Алдағы уақытта Брюссель мен Ыстамбұлда концерт қоюды жоспарлап отыр екен. Сәтін салса, Қазақстанның бас қаласы – Астананың сахнасында өнер көрсеткілері келеді.
Мақала деректері Түркістан газетінен алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через