фото: www.gov.kz
Қазақстанның ұлттық павильоны 60-ыншы Венеция өнер көрмесінде ұсынылады.
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады. Әлемнің беделді көрмелерінің біріне қатысу бойынша қажет шаралар қабылданған. Жаһан тұрғындары көрмеде қазақ шеберлерінің «Жерұйық» көкжиектен тыс көзқарас» жобасымен танысады. Бұл экспозиция жер туралы ежелгі аңыздың желісінде жасалған. Мерейтойлық өнер биенналесі 20 сәуір мен 24 қараша аралығында 7 ай бойы өтеді. Халықаралық өнер көрмесі тұңғыш 1895 жылы ұйымдастырылып, содан бері өнер әлеміндегі айтулы оқиғалардың біріне айналды. 2022 жылы оны 800 мыңнан астам адам тамашалаған.
Ақпарат: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через