фото: pexels.com
Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде вакциналанбаған балаларға "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша төлемдер тоқтатылатыны туралы ақпарат тараған.
Жалған ақпаратты әлеуметтік желідегі "Qaznews24" сатиралық жаңалықтар ақпарат агенттігі" деп аталатын аккаунт таратқан.
Оның профилінде аккаунт шындыққа жанаспайтын жаңалықтарды жариялайтыны көрсетілген.
"Вакцина егілмеген балалар Ұлттық қордан берілетін төлемдерден айырылатыны туралы хабарламаға сенудің қажеті жоқ. Бұл өтірік", - делінген хабарламада.
Bugin.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через