Ұзақ жасауының сыры

Ұзақ жасауының сыры

       100 жасқа толған Ұлыбритания тұрғыны ұзақ жасауының құпиясымен бөлісті. Айтуынша, көңіл-күйдің тыныштығы оның ғасыр жасауына себеп болған.

       Бедфордшир графтығына қарасты Лутон қаласында тұратын Луиза Пирсон 1922 жылы дүниеге келген. 14 жасында мектепті тастаған ол наубайханаға жұмысқа тұрған. Ал екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фермада қызмет еткен. 

       "Бұл өте ауыр бірақ керемет жұмыс еді", - деп еске алады қария. 
Соғыстан кейін Пирсон үй тазалаушы болып қызмет атқарып, қызын тәрбиелеген. Айтуынша, ұзақ жасауының сыры позитивті психологиялық қалыпты сақтай алуында. 

       "Мен ештеңеге алаңдамаймын. Әрі қарай өмір сүруді жалғастырып, жиірек күлімсіреу керек", — дейді қария. 

       Пирсон жас кезінен музыка мен биді ұнатады. Жыл өткен сайын әжейдің талғамы өзгереді, алайда ол ұзақ уақыттан бері шведтік ABBA тобының фанаты болып табылады. 

       Жуырда мерейтойын атап өткен Пирсонның қуанышына ортақтасуға қызы мен екі немересі, сондай-ақ, достары келді.