фото: sputnik.kz
Экология және табиғи ресурстар министрлігі уылдырық шашу кезеңінде балық түрлерін сақтау мақсатында 5 сәуір мен 5 маусым аралығында "Уылдырық" науқанын өткізеді.
Республиканың әр облысында өңірлік ерекшеліктер ескеріле отырып тыйымның мерзімдері белгіленген.
Құзырлы мемлекеттік органдардың қызметкерлері тыйым салынған кезде балық аулау, балық өнімдерін заңсыз сатып алу және сату, алып жүру фактілерін анықтайды.
Аталмыш тыйымды бұзғандар үшін 10-нан 40 АЕК дейін айыппұл салу (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы) және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру (ҚР ҚК-нің 335-бабы) жазасы қарастырылған.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды табиғатқа қамқор болып, бекітілген балық аулау қағидаларын сақтап, заңды бұзбауға шақырды.
Қазақпарат
Фото: sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через