Ұшақта темекі шеккен екі жолаушыға айыппұл салынды

Ұшақта темекі шеккен екі жолаушыға айыппұл салынды
фото: Fturproezdka.ru

       Пхукет – Алматы бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акт бойынша екі жолаушы әйелге темекі өнімін тұтынғаны үшін айыппұл салды. 

       Тексеру барысында көлік полицейлері ұшақ бортында электронды темекі шеккен Алматы қаласының 36 және 37 жастағы екі тұрғынын анықтады. 

       Тәртіп сақшылары құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігі (Әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын, тұтынудың электрондық жүйелерін тұтыну) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. 

       Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе рейсінен 60 азаматты түсірді, оның ішінде әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін 29 адам түсірілген.

       Baq.kz