фото: Фото: freepik
Жолаушылар ұшағының пилоты ұшу кезінде жарты сағат ұйықтап қалған.
Индонезияның Кендари қаласынан Джакартаға бағыт алған Batik Air ұшағында қауіпті оқиға орын алған.
Екі ұшқыш, 32 жастағы капитан мен 28 жастағы бірінші офицер ұшу кезінде шамамен 28 минут ұйықтап қалған. Осы оқиғаға қатысты Индонезияның көлік министрлігі тергеуді бастады. Крейсерлік биіктікте ұшқыштар құлаққаптарын шешіп, ассистенттен ұшақты уақытша басқара отыруын өтінген.
Капитан шамамен 28 минуттан кейін оянып, ұшақтың жоспарланған бағытынан ауытқығанын түсінген. Алдын ала есеп бойынша командир ұшқыш оянғаннан кейін диспетчерлерге ұшу кезінде "радиобайланыс мәселесі" пайда болғанын айтып, шешімін тапқанын түсіндірген.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через