фото: sputnik.kz
Ұшақ бортында темекі шеккен Қытай азаматына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
48 жастағы Қытай азаматы Алматы – Көкшетау бағытындағы әуе рейсінде темекі шеккен.
"Ұшақ ұшып келгеннен кейін Qazaq Air әуекомпаниясының өкілдері құқық бұзған жолаушыны Көкшетау қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне тапсырған", - деп мәлімдеді ведомство.
Шетел азаматына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабының 1-2-бөлігі "Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу" бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через